АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливияның Жалпы ұлттық конгресі ел Премьер-министрі Али Зейданге сенім білдіруден бас тартты.
Шетелдің БАҚ-тың хабарлауынша, сейсенбіде Үкімет басшысының қызметін уақытша атқарушы болып Қорғаныс министрі Абдалла ат-Тани тағайындалды.
Атқарушы билік басшысының қызметтен кетуі Ливиядағы ресми биліктің қарама-қарсылығы мен елдің шығысында бірқатар мұнайлы порттарды басып алған көтерілісшілердің іс-қимылдары кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.