Түрме әкімшілігінде осы түрмедегі 220 қылмыскерге небәрі 4 күзетшіден келетінін мойындаған. Күзет шарасының әлсіздігі қамауда отырғандардың қашып шығуын жеңілдеткен.
Агенттіктің мәліметтері бойынша, қылмыскерлер алдымен оларға дәрігердің көмегі қажеттігін айтқан. Қадағалаушылар қақпаны ашқан кезде қашып шыққан.
Жергілікті билік өкілдерінің ақпараты бойынша, 92 қашқынның 19-ын ұстау ғана қолдан келген. Олардың екеуі полиция қызметкерлерінің оғынан жараланған.