Барлығы ағаш не үрлемелі қайықпен Еуропаға жетпек болған. Аман қалғандардың арасында балалар аз емес. Кәмелетке толмаған 100-ге тарта жасөспірімнің қауіпті сапарға ата-анасыз аттанғаны белгілі болды. Су көліктеріне сондай-ақ жүкті келіншектер де мінген. Құтқарылған босқындар Ливияға жеткізілді.
Негізі кәрі құрлыққа аттанған мигранттардың дені әдетте осы мемлекет арқылы жолға шығады. Өйткені қазір елде ортақ билік жоқ. Заңсыз мигранттар көбінесе осы жағдайды пайдаланады.
06:11, 21 Мамыр 2017
Ливия жағалауында 2 мыңнан астам мигрант құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливия жағалауында тәулік ішінде 2 мың 300-ге жуық мигрант құтқарылды. Олар - Нигерия, Судан, Марокко және Бангладеш азаматтары, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.