Олардың барлығы ағаш не резеңке қайықпен Еуропаға жетпек болған. Негізі кәрі құрлыққа ағылған босқындардың дені қауіпті сапарға осы Ливия арқылы аттанады. Олар елде орталық биліктің жоқтығын пайдаланады.
Муаммар Каддафи кезінде бұл мұнай өндіруші мемлекет жұмыс іздеп келгендер үшін жайлы орын саналатын. Алайда 2011 жылы Ливия көсемі тақтан тайдырылғаннан кейін, қос үкімет орнап, жағдай түбегейлі өзгерген. Мигранттардың мұнда қалғысы жоқ.