Ұшақ құлаған жерде алапат өрт шықты. Соңғы мәлімет бойынша, апат салдарынан бір бала мен екі ересек адам қаза тапты.
Құлаған ұшақ исламшылдар жасағымен күрескен экс-генерал Халифа Хафтар күштеріне тиесілі болған. Тамыз айында Ливии парламенті қауіпсіздік мақсатында Тобрук қаласына көшірілген. Өйткені ел астанасы Триполи маңында түрлі топтар арасында қарулы шайқастар жалғасуда. Өткен аптада исламшыл топтар Триполиде өз парламенттерін құрғанын хабарлаған.