Ливияда қарулы топ жетекшісінің өлімі туралы хабардан кейін қақтығыстар басталды

Фото: Фото: Anadolu

АСТАНА.KAZINFORM — Ливия астанасындағы жағдайдың ушығуы билікті шектеулер енгізіп, оқу орындарының жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Ливия астанасының бірқатар ауданында 12 мамыр күні кешке қарулы қақтығыстар болды. Оның шиеленісуі Ливия президенттік кеңесінің қамқорлығымен жұмыс істейтін Тұрақтылықты қолдау аппаратының (SSA) басшысы, «Ганива» лақап атымен белгілі Абдель Гани әл-Киклидің қайтыс болғаны туралы хабардан кейін басталды.

Куәгерлер мен жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, атыс халық тығыз орналасқан Әбу Салим және Салах ад-Дин аудандарында болған. Билік халықты қозғалыстан бас тартуға шақырды, қалада шектеулер енгізілді, оқу орындарында, соның ішінде Триполи университетінде сабақтар тоқтатылды.

Ішкі істер министрлігі тұрғындарға «қауіпсіздік мақсатында» үйде болуға кеңес берді.

Биліктің мәліметінше, ҰҰҚ қорғаныс министрлігі Әбу Салим аймағын бақылауға алған. Сонымен қатар, Триполиде Зинтан, Әз-Завия және Мисуратадан қарулы құрамалар колонналарының қозғалысы тіркелуін жалғастыруда. Бұл қалалардың дәстүрлі түрде астанадағы жағдайға айтарлықтай әсер ететін өз күштері бар.

Кем дегенде алты адамның жараланғаны туралы хабарланды, бірақ олардың жағдайы әлі анықталған жоқ.

13 мамыр күні таңертең Ливияның Қорғаныс министрлігі Триполидегі әскери операцияның «сәтті» аяқталғанын хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливиядағы Миссиясы (UNSMIL) тез арада атысты тоқтатуға шақырды және тараптарға халықаралық гуманитарлық құқықты сақтау міндеттерін еске салды.

Бақылаушылардың бағалауынша қазіргі жағдай Ливиядағы қауіпсіздік дағдарысын көрсетеді, онда 2020 жылы қол жеткізілген атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан, қарулы топтар негізгі аймақтарға ықпалын жалғастыруда. Саяси тұрақсыздық пен экономикалық ресурстарды бақылау үшін бәсекелестік зорлық-зомбылықтың кезеңді түрде өршуіне ықпал етеді.

Ливия басқару жүйесі бөлшектенген ел болып қала береді. Негізгі мемлекеттік институттар, соның ішінде Ұлттық бірлік үкіметі елдің батыс өңірінде орналасқанымен, батыс облыстардың өзі бәсекелес фракциялар арасында бөлінген. Ливияның шығысы балама күш құрылымдарының бақылауында.

Тұрақты саяси реттеуге қол жеткізуге бағытталған халықаралық шаралар жалғасып жатыр, бірақ әзірге жалпы сайлау өткізуге қол жеткізілді.

Бұған дейін Түркия мен Ливияның сауда көлемін жылына 10 миллиард долларға дейін ұлғайту туралы шешім қабылдағаны хабарланған болатын.