Ливияда лаңкестермен қақтығыста 14 сарбаз ажал құшты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливияның Сирт қаласындағы «Ирак пен Левант лаңкестік тобымен» соғысып жатқан үкімет әскері шығынға ұшырап, қарулы қақтығыста 14 сарбаз оққа ұшты, деп жазады «Хабар 24».

Жергілікті аурухана өкілінің мәлімдеуінше, тағы 30 адам жарақат алған. Содырларға қарсы операция бірнеше айдан бері жалғасып жатыр.

Үкімет қарулы күштері «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» бақылауындағы аумақтарға шабуыл жасауды 28 тамызда бастаған. Операцияның қарқынды жүргізілуіне экстремистік ұйымның мергендері кедергі келтіріп отыр. Қанша радикалдың көзі жойылғаны туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, Сирт қаласын «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» 2015 жылы басып алған болатын.