деп хабарлайды ЭКСПЕРТ.ru.
«Алдағы сегіз айдың ішінде парламент және президент сайлауы өтеді. Біз демократиялық үкімет пен әділ Конституцияны қалаймыз. Біз бүгінге дейін әлем өмірінен шететіліп келген ел болып қала бергіміз келмейді», - деген Жалилдің сөзін әлем ақпараттық агенттіктері мысалға келтірді.
Жалилдің айтуы бойынша, бірқатар кеңес мүшелері Муаммар Каддафи мен оның жақтастарын соттауды Ливияда өткізу ұсынысын қолдап отыр. «Сол себепті де біз оны тірідей алғымыз келеді. Біз оған өз қарсыластарына жасағанын жасамаймыз. Ол тек өзінің қылмыстарының, сотталғандығының және саяси қаныпезерлігінің арқасында ел есінде қалатын болады», - деді көтерілісшілер көшбасшысы.