— Бұл аймақтағы мұнай нысандарына төніп тұрған қауіпті көрсететін үшінші оқиға. Бұл жағдай тиісті органдардың шұғыл араласуын талап етеді. Сондықтан тиісті ведомстволар тарапынан шұғыл шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар компанияның директорлар кеңесі мұндай шабуылдар жалғасқан жағдайда форс-мажор жариялап, мұнай өңдеу зауытының жұмысын толық тоқтатуға мәжбүр болатынын мәлімдейді, — делінген корпорацияның Facebook-тегі хабарламасында.
Корпорация соңғы шабуыл салдарынан адам шығыны немесе материалдық залал тіркелмегенін атап өтті.
Бұған дейін корпорация Эз-Завия қаласындағы мұнай және басқа да нысандарға бірнеше рет шабуыл жасалғанын хабарлаған болатын. 8 тамызда дрон мұнай өңдеу зауытындағы тазартылмаған нафтаны сақтауға арналған резервуарға тікелей соққы жасаған. Соның салдарынан резервуардың қабырғалары зақымданып, екі тесік пайда болған және онда сақталған өнімнің бір бөлігі сыртқа төгілген.
Оның алдында дрон Завиядағы су тұщыту станциясына да соққы жасаған.
Еске салайық, Ливияның ұлттық мұнай корпорациясы елдің оңтүстік-батысындағы Гадамес бассейні аймағында жаңа мұнай және газ кен орнын тапқаны туралы хабарлаған болатын.