Ливияда төтенше жағдай енгізілді

Ливияда төтенше жағдай енгізілді

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Ливия астанасы Триполиде этникаралық қақтығыстардың салдарынан 48 сағатқа төтенше жағдай жарияланды.

Айта кетейік, соңғы күндері бұл елде бірнеше ондаған адам қаза тапты. Бұндай шешім елдің Жалпы ұлттық конгресінің кезектен тыс сессиясында қабылданды.

2011 жылдың қазанында Муаммар Каддафидің режімі құлағаннан кейін Ливияда заңсыздық жайлап, елді әскериленген бәсекелес топтар бөліп алды.