Ливияда заңсыз мигранттар суға батып кетті

ТРИПОЛИ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат – Ливия жағалауында жалпы есеппен 600-ден астам адам болған екі балық аулайтын кеме суға батып кетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Оңтүстік Еуропа айлақтарының біріне бара жатқан су көлігіндегі жолаушылар заңсыз мигранттар болған деген болжам бар. Ливиялық құтқарушылар 42 адамды жағаға алып шыққан. Қалғандардың тағдыры туралы ешқандай ақпарат жоқ.