Ливияда жойғыш ұшақ тұрғын үйге құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливияның Тобрук қаласында әскери жойғыш ұшақ тұрғын үйге құлады. Апат салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлады Agence France-Presse.

Кей деректер бойынша, оқиға қашықтықта ұшу кезінде, ал басқа деректерде ӘӘҚ базасының бұрынғы командирі Ибрагим әл-Минифидің құрметіне өткізілген шеру кезінде болған.

Апаттан бірінші пилот, сол үйдің екі тұрғыны (біреуі бала) қаза тауып, бірнеше адам жарақаттанған. Екінші ұшқыш дер кезінде катапульт жасап үлгерген. Алдын ала деректер бойынша, ұшақтың гидравликалық басқару жүйесінің істен шығуы апатқа себеп болуы мүмкін.