Ливиядағы әскери операция қатысқан F16 жоюшы ұшағы қону кезінде апатқа ұшырады
07:35, 28 Сәуір 2011
ССЕЛЬ. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Ливиядағы «Бірлескен қорғаушы» әскери операциясына қатысқан Біріккен Араб Әмірліктері әскери-әуе күштерінің F16 жоюшы ұшағы апатқа ұшырады.
Оқиға сәрсенбі, 27 сәуір күні Сицилия аралындағы итальяндық Сигонелла әскери базасында орын алды - ұшақ жерге қону кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлады НАТО-ның баспасөз қызметі.
«Ұшқыш катапульта жасап, аман-есен жерге қонды. Италия полициясы оқиға орнын қоршауға алды және мән-жайын тексере бастады», - делінген Альянстың ресми хабарламасында.