Ливиядағы парламенттік сайлауға дауыс берушілердің 60 пайызы қатысты

АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - Ливиядағы парламенттік сайлауға дауыс берушілердің 60 пайызы қатысты,

 деп хабарлайды BBC -тің орыс қызметі.

Ливия орталық сайлау комиссиясының ақпаратына қарағанда, жарты ғасырға жуық уақыттан кейін алғаш рет өтіп отырған бірінші ұлттық сайлауға тіркелген сайлаушылардң шамамен 60 пайызы қатысты.

200 мандатқа үш мыңнан астам кандидат үміткер болған. Бұл ретте 80 мандат саяси партияларға, ал қалған 120 орын тәуелсіз халық қалаулыларына бұйырады. Олар халықтық ассамблея қалыптастырып, Муаммар Каддафи тақтан тайғаннан кейін елді билеп отырған ұлттық көшпелі кеңесті алмастырады.

Дауыс берудің ресми нәтижесі алдағы аптаның соңында белгілі болады.