деп хабарлады Reuters.
Сабхи қаласынан қара нәсілді тубу тайпалық әскерилер мен араб жасақтары арасындағы қақтығыс 3 күнге созылды. Қақтығысты шешу мен көмек көрсету үшін тайпаның ақсақалдарына іске араласуға тура келді, деп хабарлады РБК.
«Сабхи қаласынан келген өкілдер мен тубу тайпа әскерлерінің басшылары келіссөздер жүргізіп, қақтығысты тоқтатуға, оқ атпауға келісті», - деп түсінік берді журналистерге Сабхи қалалық кеңесінің мүшесі Ахмед Абделкадир.
Дегенмен жергілікті тұрғындар қысқа қақтығыстардың әлі болып жатқандығын айтады. Қақтығысқа кім қатысып жатқандығы белгісіз, алайда жергілікті тұрғындар бұны арабтардың өлтірілген жақындары үшін кек алуы деп түсінік беруде.
Ресми мәліметтерге қарағанда, тубу мен араб тайпасының екі тобы бір көлікті бөлісе алмай, мәселені анықтау барысында арабтардың бірі атылып, көз жұмғаннан кейін тайпа арасындағы қақтығыс ашық өшпенділікке ұласты. Ливияның ІІМ хабарлағандай, қақтығыс орын алған ауданға 600 адам жіберілді.