Ливиядағы түрмеден мыңнан астам адам қашып кетті

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Ливияның Бенгази қаласындағы Әл-Куфия түрмесінен мыңнан астам тұтқын қашып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жергілікті ақпарат көздеріне сүйенсек, түзеу мекемесіне сырттан шабуыл жасалған көрінеді. Қашып кеткендердің арасында Муаммар Каддафи режимімен байланысы үшін сотталғандар да бар.

Ливия Премьер-Министрі Әли Зейдан аталған фактіні растады. Оның айтуынша, түрмеге жақын маңайдағы ауыл тұрғындары шабуыл жасаған. Осылайша олар өз үйлерінің қасында түрменің орналасуына қарсылық білдірген екен.