Парламент жұмысын тоқтатты. Көлемі жағынан елдегі үшінші қала - Әл-Бейда қарсыласушылардың бақылауына көшті. Қазір Ливия өкіметі елдегі екінші қала - Бенгазиге бронды техникамен қаруланған әскер енгізуде. Куәгерлердің айтуынша, бұл елді мекенге бірнеше танк келіп кірген, оның төртеуі сот ғимаратын күзетке алған. Бангазидің бірқатар аудандарында электр ажыратылды, жергілікті әуежай жабылды. Қуаталмаған мәліметтер бойынша, әскерилердің бір бөлігі оппозиция жағына шыққан.
Алдын ала хабарлар бойынша, үш тәуліктің ішінде Ливиядағы жаппай бұқаралық толқулардың салдарынан 46 адам қаза болды.
Естеріңізге сала кетейік, Ливиядағы толқулар көршілес Египетте жаппай қарсылық акциялары Хосни Мүбаракті тақтан тайдырғаннан кейін басталған.