деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы ұшағымен «Газпром EP International» компаниясында жұмыс істейтін Қазақстан азаматы Мәскеуге жетті. Оның хабарлауынша, қазіргі уақытта ол өз туыстарымен бірге Волгоградта.
Бүгінде Ливиядан Қазақстанның 22 азаматы шығарылды. Осылайша, Ливиядан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жұмыстары аяқталды.
Қазіргі сәтте ҚР Дипмиссиясына байланысқа шыққан Қазақстан азаматтары туралы ақпараттар түспеген. Еліміздің Ливиядағы Дипмиссиясы өз жұмысын жалғастыруда.