Ливиялық көтерісшілердің Триполиді басып алғанына қарамастан, НАТО Ливиядағы әскери операцияны тоқтатпайды

ЮССЕЛЬ. 23 тамыз. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Ливия көтерісшілері Триполиді басып алғаннан кейін НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен мәлімдеме жасады.

Ол өз мәлімдемесінде Солтүстікатлантикалық альянс БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына сәйкес Ливия халқын қорғау бойынша әскер операцияны жалғастыратынын жеткізген, деп хабарлайды Блоктың баспасөз қызметі.

«Біз ағымдағы жылдың наурыз айынан бері жасап келе жатқандай, Ливиядағы әскер бөлімдер мен негізгі әскер нысандарды бақылауды тоқтатпаймыз және де Ливия халқы үшін қандай да бір қауіп төніп тұрғанын байқасақ, БҰҰ мандатына сай іс-қимыл жасаймыз», - дейді А.Расмуссен.