Ливияның мәдениет министрінің үйіне шабуыл жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз қарулы адамдар Ливияның мәдениет министрі Хабиб әл Аминаның (Habib al-Amin) үйіне басып кірген, деп хабарлады Синьхуа агенттігі қауіпсіздік күштері көздеріне сілтеме жасап. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Қайғылы оқиға жұма күні түнде орын алды. Агенттікке дереккөздің хабарлауынша, шабуыл кезінде әл-Амин отбасымен үйінде болмаған. Үйге баса-көктеп кірген қаскүнемдер үйдің ішінде атыс ұйымдастырып, артынша әл-Аминнің суретін жыртып тастаған. Мұны кім жасағаны әлі күнге белгісіз болып отыр.

Жұма күні баспасөз мәслихатынжда сөз сөйлеген Хабиб әл-Амин мұндай жағдайдан кейін Ливия үкіметінің ресми өкілдері тыныш ұйықтай алмайтынын мәлім етті.

«Үкімет ауыр жағдайларда жұмыс істеуде. Кей министрлер өз үйлерінде отырып кірпік ілуден қалғанын жасырғым келмейді», - деді ол.