Ливияның өтпелі үкіметінің құрамы бүгін белгілі болады
07:43, 22 Қараша 2011
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Ливияның өтпел үкіметінің құрамы бүгін жарияланады.
Ел премьер-министрі Абделрахим әл-Киб «22 қарашада үкімет құрамы жарияланады, біз ол біртұтастай, жұмыла жұмыс істеп, өз қызметін атқаруға қабілетті болуы үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз», деп мәлімдеді. Бүл туралы ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі хабарлады.