Аталған додаға ұлттық құраманың 17 жасқа дейін мүшелері қатысқан болатын. Виртуалды жарыста 18 мемлекеттен 100 каратэші қатысып, төрешілер онлайн-режимде бақылап отырды. Бірнеше айналымнан соң қазақстандық Лия Қошқарбаева мен канадалық Роксанна Кэригнан финалға шықты. Бұл жолы Лия өз мүмкіндігін жібермей, каратэ тарихындағы виртуалды турнирдің тұңғыш чемпионы атанды
14:26, 29 Сәуір 2020
Лия Қошқарбаева каратэ тарихындағы виртуалды турнирдің тұңғыш чемпионы атанды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Лия Қошқарбаева PUNOK CHALLENGE халықаралық онлайн-турнирінде виртуалды катадан (Virtual kata) жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.