Логистикалық жүйені пайдаланудың тиімділігі зор - Т.Ынтықов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Логистикалық жүйені пайдаланудың тиімділігі зор. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, техника ғылымының кандидаты Тоқмырза Ынтықов айтты.

«Дамыған елдердің тәжірибесі логисткалық жүйені пайдаланудың тиімділігі зор екендігін көсретіп отыр. Өйткені, ол көліктік шығыстарды күрт төмендетіп, жүкті тиеу әрі түсіру жұмыстарына кететін шығындарды айтарлықтай қысқартады», - деді ол.

Т.Ынтықовтың сөзіне қарағанда, логистикалық жүйенің арқасында уақыт та біршама үнемделіп, материалдық құралдары айналымы жеделдетіле түседі.

«Республикалық әрі халықаралық деңгейдегі ірі жалпы желілік көлік тарамдарында өңірлік терминалдар желісі мен жүк әрі жүктерді ілгерілетудің көліктік-логистикалық орталықтарын құрудың маңызы өте зор. Бұл ретте оның маңызды құрамдас бөлігі ғылыми-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету бола алады», - деді профессор.