«Локомотив» АҚ үлкен мәмілелер жасамақ

None
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны - «Локомотив» акционерлік қоғамы қыркүйектің 8-інде өткен директорлар кеңесінің отырысында бірқатар үлкен мәмілелер жасау туралы шешім қабылдады.

Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, атап айтқанда, қамтамасыз етілмеген Kazakhstan Temir Zholy Finance B.V акцияларының шығарылуына байланысты туындайтын Kazakhstan Temir Zholy Finance B.V міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуде ортақ кепілдеме беру туралы шарт жасалмақ.

Оған қоса, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының, Kazakhstan Temir Zholy Finance B.V., «Қазтеміртранс», «Локомотив» акционерлік қоғамдарының және BNY Corporate Trustee Services Limited компаниясының арасында трастылық келісім жасау және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының, Kazakhstan Temir Zholy Finance B.V., «Қазтеміртранс», «Локомотив» акционерлік қоғамдарының арасында топішілік заем шартын жасау (және заемды қамтамасыз ету) жоспарланып отыр.