М.Медеубаев бұл қызметке кеше «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның президенті Асқар Маминнің бұйрығына сәйкес тағайындалды.
«М.Жолдыбайұлы «Локомотив» компаниясының қалыптасуының басы-қасында болды. Оның темір жол саласында үлкен тәжірибесі бар. Сондықтан акционерлік қоғамды жетістікті басқарып, оның тасын өрге сүйрейді деген сенімдемін», - деді Е.Сұлтанов.
Айта кетейік, М.Медеубаев осы уақытқа дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Жылжымалы құрам бойынша басқарушы директоры қызметін атқарып келді.
«Локомотив» АҚ бұрын басқарған Қадыл Секенұлы Таласпеков «Қазақстан темір жолы» компаниясының Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі басқарушы директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.