2012 жылғы қаңтар мен наурыз айларында Алматы және Ақтөбе облыстарында төрт оқиға орын алса, Қызылорда облысында үш оқиға тіркелді.
Локомотив бригадалары көптеген қайғылы оқиғалардың алдын алды. 2011 жылы пойыз машинистері жедел тежегіштерді басып үлгеруінің арқасында Шымкент жол бөлімшесінде 102 оқиға, Семей жол бөлімшесінде -244, Алматыда -163, Ақтөбеде -127, Қызылордада -82 жағдайдың алды алынды. Яғни барлығы 718 рет локомотив бригадалары қырағылығының арқасында адам тағдырына араша болды.
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы жергілікті басқару орындарымен бірлесе отырып, жол-көлік оқиғасының алдын алудың кешенді шараларын жылдан жылға жүзеге асырып келеді.
Аталмыш шараның шеңберінде темір жол мен жүргіншілер өткелі қиылысатын тұстарға 506 белгі орнатылса, 926 белгі қайта жаңғыртылды. Атырау, Жамбыл, Шу, Ақадыр стансаларындағы жүргіншілер көпіріне жөндеу жұмыстары жасалды.
2011 жылғы мамыр мен маусым айларында 956 жол өткелі тексеріліп, екі мыңнан астам ақаулықтар қалпына келтірілді.