«Локомотив» футбол клубының атауы «Астана» деп өзгертілді

АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - «Локомотив» футбол клубының атауы «Астана» болып өзгертілді. Бұл туралы Қазақстанның Футбол федерациясынан хабарлады.

ФК-ның атауын өзгерту туралы шешімді клубтың құрылтайшылары 20 мамыр күні қабылдады. «Осыған орай, «Локомотив» (Астана) футбол клубының басшылығы премьер-лига командалары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесіне және тағы да басқаларға сондай-ақ, Қазақстанның Футбол федерациясында тіркелген қалған құжаттарға тиісті өзгертулер енгізуді сұрайды», - делінген ҚФФ-дің хабарламасында.