Бұл жолы олардың қарсыласы Градец Кралове қаласының жергілікті командасы болды. Бұл кездесу Чехияның жоғары дивизионы мен Еуропалық клубтық турнирлер өтіп жүрген қаланың орталық стадионында өтті. Халықаралық деңгейдегі ойын алаңында алғаш рет өнер көрсетіп отырғанына қарамастан астаналықтар алаң қожайындарынан 2:1 есебімен басым түсті. Қарсыластар қақпасына соғылған қос доптың авторлары - Әділ Бағабаев пен Ринат Хайруллин.
19:38, 08 Қазан 2010
«Локомотив» футбол клубының жасөспірімдері Чехияда «Градец Кралове» клубындағы құрдастарынан 2:1 есебімен басым түсті
АЛМАТЫ. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Чехияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Астана қаласының «Локомотив» клубының 1994-1995-ші жылдары туған жасөспірім футболшылары үшінші мачтын өткізді.