"Локомотив" пен "Минск" футбол клубтары арасында жолдастық кездесу өтеді
19:14, 24 Қаңтар 2011
АЛМАТЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ертең Түркияда алғашқы оқу жаттығу жиынын өткізіп жатқан Астананың "Локомотив" пен Минскінің "Минск" футбол клубтары арасында жолдастық кездесу өтеді.
"Минск" 2010 жылы Беларус чемпионатында қола жүлдегер атанса, "Локомотив" Қазақстан чемпионатында 4-орын алды. Виталий Тараканов жаттықтыратын беларус аяқдошылары жаңа маусымдағы алғашқы оқу-жатығу жиынын 20-31 қаңтар күндері Түркияның Лара қаласында өткізбек. Ал Хольгер Фах баптайтын астаналық футболшылар Анталиядағы бұл жиынын 13-қаңтарда бастаған болатын. Ол бейсенбі күні аяқталады. Астаналықтар бұған дейін Ресей чемпионатындағы Премьер-лиганың 2010 жылғы қола жүлдегері Қазан қаласының «Рубинь» командасына 2:6 есебімен есе жіберді. Олардың румыниялық Дан Петреску жаттықтыратын Краснодардың «Кубань» командасымен өткен алғашқы кездесуі де 0:2 есебімен ресейліктердің пайдасына шешілген болатын.