«Локомотив» жастар командасы Чехиядағы халықаралық турнирге аттанады

None
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қыркүйектің 29-ы күні «Локомотив» жастар клубы халықаралық турнирге қатысу үшін Прага қаласына аттанады,

деп хабарлады аталмыш клубтың баспасөз қызметінен.

1994-95 жылдары туған жасөспірім футболшыларға Валентин Егоров жаттықтырушылық жасайды. Сапар бағдарламасында чех мамандарымен, оның ішінде Чехияның жастар құрамасы бапкерімен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізу және ел чемпионатындағы жетекші «Спарты» мен «Словии» клубтарының ойындарын тамашалау бар. Бұл турнирде қазақстандық футболшылар 3 халықаралық матч өткізбек. Қазірдің өзінде 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы сапында өнер көрсетіп жүрген команда құрамындағы ойыншылар үшін бұл сапар біршама тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берері даусыз.