АСТАНА. ҚазАқпарат - Лас-Вегаста бірінші жеңіл салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, 28 жастағы Василий Ломаченко (6-1, 4 КО) мен жартылай орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы 30 жастағы ямайкалық Николас Уолтерстің (26-0-1, 21 КО) ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ломаченко таразыда 130 фунтты (59 келі) көрсетіп, бірінші жеңіл салмақ лимитінен аспады. Уолтерс одан сәл ғана жеңіл болып шықты - 129,5 фунт (58,7 келі).
Еске сала кетсек, жекпе-жек Астана уақытымен 27 қараша күні таңғы 9-да басталады. Оны «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.