Лондон-2012: Алмат Кебісбаев ширек финалда ирандық палуанға есе жіберді
20:23, 06 Тамыз 2012
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы ойындарында грек-рим күресінен ширек финалда белдескен Алмат Кебісбаев ирандық палуанға есе жіберді.
60 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан спортшымыз 26 жастағы ирандық Омид Хажи Нороозиден жеңіліп қалды.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы айналымда Алмат украиндық қарсыласы Ленур Темировты айқын басымдықпен жеңсе, 1/8 финалда венесуэлалық Люис Игнасио Лиендоны 2:1 есебімен ұтқан еді.
1987 жылдың 12 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында дүниеге келген бұл балуанымыз қазіргі уақытта елорда атынан өнер көрсетеді. Ол Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, жеңімпазы, Иван Поддубный атындағы Гран-придің иегері, Мәскеуде өткен әлем чемпионатының күміс, Ыстамбұлда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.