Лондон-2012: Д.Елеусінов ширек финалдан аса алмады
04:14, 09 Тамыз 2012
АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Лондон Олимпиадасының ширек финалында жарыс жолына шыққан былғары қолғап шеберіміз Данияр Елеусінов итальяндық Винченцо Манчикапреден ұтылып қалды.
Осылайша, үш кезеңде де біздің спортшыдан басымдық танытқан итальяндық былғары қолғап шебері Олимпиада алтынына бір табан жақындай түсті.
Естеріңізге сала кетейік, 64 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан боксшымыз Данияр Елеусінов 1/16 финалда американдық былғары қолғап шеберін, ал 1/8 финалда ирандық боксшыны айқын басымдықпен ұтқан болатын.
Данияр Елеусінов 21 жастағы астаналық спортшы. Халықаралық санаттағы спорт шебері. Ол Қазақстан чемпионы (2010-2011 жылдары), Азия ойындарының чемпионы (2010 жылы). Данияр жолдаманы жақында елордада өткен Азиялық іріктеу турнирінде қанжығасына байлаған еді.