Лондон-2012: Д.Жұмағазиевтің 1/8 финалдағы қарсыласы белгілі болды

АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Еркін күрес шебері Дәурен Жұмағазиевтің 1/8 финалдағы қарсыласы белгілі болды.

60 келі салмақ санатында Лондон Олимпиадасында  жарыс жолына шығатын палуанымыз енді ирандық Масуд Исмаэльпурджубаримен белдеседі.
Алматы облысының атынан өнер көрсететін Дәурен Жұмағазиев  Азия чемпионы, 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарының және 2011 жылы Ыстамбұлда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері.