Телеарнаның хабарлауынша, жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Вячеслав Сокирко Лондоннан телефон арқылы тілдесіп: «Марина жарысты тастап шықты. Мен Дмитрий Карповтың көрсетілімдерін бақылап жүргендіктен онымен тікелей сөйлесе алмадым. Маған жеткен хабар бойынша Маринаның аяғының сіңірі тартылып, ауыртып алыпты», - деді.
17:11, 09 Тамыз 2012
Лондон-2012: М.Аитова аяғының сіңірі тартылуы салдарынан жарыс жолына шыға алмады
АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Олимпиадада биіктікке секіру сайысы жалғасып жатыр. Біздің спортшымыз Марина Аитова жарысты тастап шықты, деп хабарлады Хабар агенттігі.