Лондон-2012: Онсайысшы Карпов бүгін Олимпиада медалі үшін сайысқа түседі
09:37, 09 Тамыз 2012
АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында қазақстандық онсайысшы Дмитрий Карпов бес жаттығудың қорытындысы бойынша 8-орында келе жатыр.
Ол жалпы есепте 4241 ұпай жинап, көшбасшыдан 400 ұпайға қалып келеді. Бүгін онсайысшылар қалған бес жаттығу бойынша жарыс жолын жалғастырмақ.