Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы бизнес үдерістерді автоматтандыру жобасын енгізді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы бизнес үдерістерді автоматтандыру жобасын аяқтады. Жоба Oracle Siebel CRM Insurance мен Oracle E-Business Suite бизнес жүйелері негізінде жүзеге асып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Компания бұл жобаны тұрақты түрде өнім, қызмет, сервис сапасын үнемі жақсартып отыру мақсатында жүзеге асырған. «Сақтандыру нарығындағы қазіргі жағдай сақтандыру компанияларының белсенділік танытып, клиенттерін ұстап қалу мен тарту үшін бәсекелестік ортада жаңа шешімдерді қабылдауға итермелейді. «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясының маңызды шешімдерінің бірі - сақтандыру саласындағы үздік CRM-жүйесімен қамтамасыз ететін, қаражатты басқаруда көпфункционалды, бай шешімді және әлем нарығында танымал Oracle Siebel CRM мен Oracle E-Business Suite өнімдері бағдарламасын енгізу болды», - дейді «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Ерғали Бегімбетов.Бұл жүйені енгізу арқылы "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы клиенттер туралы дербес біртұтас мәліметтер қорын жүргізу, компания бөлімшелері арасында клиенттер туралы ақпаратпен жедел бөлісу, келісімдердің мерзімі мен орындалу барысын бақылау, сату саласында маңызды болып табылатын жүйеге қол жеткізудің мүмкіндіктеріне ие болмақ. Сондай-ақ жүйе он-лайн режімінде компания клиенттері қорын бақылап, қайта сақтандыруда тәуекелді қамтамасыз етіп, сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырып, тиісті есеп-қисаптарды қалыптастыруға жағдай туғызбақ.