Бұл туралы Newsru.com сайты жазады.
Әлемнің ең әдемі 29 қаласының арасында бірінші орынға Лондон орналасты. Биылғы жылы Біріккен Корольдіктің астанасы спорттың әлемдік орталығы болып табылады, онда 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Рейтингтің екінші қатарына «оқиғалар қаласы» Мумбай орналасты. Рио-де-Жанейро - үшіншіде, бұл қала таяу уақытта туристер көп шоғырланатын жерге айналады. Себебі онда футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатын және 2016 жылғы Олимпиаданы өткізу жоспарланып отыр. Төртінші орын алған Вашингтон саясат қызықтыратын ерлер үшін тартымды. Ал бесінші орынға жайғасқан Шанхай күндіз-түні көтеріңкі көңіл-күйді уәде етуде.
Сондай-ақ тізімге тіл үйірер ас мәзірлерімен Хо Ши Мин (Вьетнам) мен жағажайлары мен футболы үшін Барселона қалалары енді. Ал испандық Картахена қаласы «армандауға болатын жағажай кештерімен» ерекшеленеді деп атап өтілуде. Ванкувер балық аулауды, сноубординг пен коктейльдерді ұнататындарға қызықты. Копенгагенде әлемдегі ең жақсы мейрамханалар орналасқан және онда «қызу қанды» қыздар тұрады. Ал Буэнос-Айрес ешқашан ұйықтамайтын қала ретінде белгіленді.