Лондон қаласының орталығында әйел мен балаға шабуыл жасалды

ЛОНДОН. KAZINFORM – Ұлыбритания астанасының орталығындағы Лестер алаңында болған шабуыл кезінде 11 жастағы қыз бен 34 жастағы әйел пышақ жарақатын алды. Бұл туралы ВВС хабарлады. 

Фото: bbc.com

– Шабуылдаушы оқиға орнында ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлады Лондон полициясы X әлеуметтік желісіндегі мәлімдемеде.

Әзірге оның жеке басына қатысты ақпарат жоқ.

Полиция бұл оқиғаға қатысты басқа белгісіз күдіктілер жоқ деп есептеп отыр.

Жедел жәрдем қызметкерлері екі зардап шегушінің травматология орталығына жеткізілгенін айтты. Әзірге олардың жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, шабуылдаушыны өтіп бара жатқан адамдар мен жақын маңдағы дүкендердің қызметкерлері тоқтатқан.

Айта кетейік, Лестер алаңы Сохо ауданының қақ ортасында орналасқан.