Олар осыдан 4 ғасыр уақыт бұрын өмір сүрген деген болжам бар. Қаланың қақ ортасындағы қабір Ливерпуль-стрит көшесінде жаңа метро жолы салынып жатқан жерден шыққан. 40 метр тереңдіктен табылған қаңқаларды қазір ғалымдар зерттеу үстінде.
Мамандардың пайымдауынша, бұл оба індетінен қаза тапқандардың денесі болуы әбден мүмкін. Өйткені XVI-XVII ғасырларда Лондонның әрбір 5 тұрғыны қатерлі дерттен айыға алмай, ажал тырнағына ілінген болатын.