Лондон маңынан көлемі 100 млрд баррельге дейін жететін мұнай қоры табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық UK Oil & Gas Investments (UKOG) мұнай барлау компаниясы бейсенбі күні Англияның оңтүстігінде Солтүстік теңізде өндірілген барлық мұнайдан көлемі жағынан асып түсетін кен орнын ашқанын хабарлады.

UKOG серіктесі геофизикалық сараптама жасайтын америкалық Nutech компаниясы лондондық Гэтвик әуежайының маңындағы Horse Hill-1 учаскесіндегі мұнайдың геологиялық қорын шаршы миліне шаққанда 158 млн баррельден (шаршы км 61 млн барр.) келеді деп бағалады, деп хабарлады РБК. «Осыған қарағанда, бұл ауданда 50-ден 100 млрд баррельге дейін мұнай қоры бар дер болжап отырмыз», - деді Би-би-си-ге UKOG бас директоры Стивен Сэндерсон. Бұл соңғы 30 жылдағы Ұлыбритания құрылығындағы ірі мұнай кенінің анықталуы деуге болады. Horse Hill кені геологиялық жағынан АҚШ-тағы Баккен және Батыс Сібірдегі Баженовск қатпарлы тасты коллекторлармен ұқсас, делінген UKOG баспасөз хабарламасында. Америкалық баламаларымен салыстырғанда, мұнай өндіру коэффициенті 3%-тен 15%-ға дейін құрауы мүмкін. «Мұндай жағдайда 2030 жылға қарай Ұлыбритания мұнайға деген сұранысының 10-30% өндіре алады», - деді Сэндерсон.