Лондон марафонында кениялық Элиуд Кипчоге екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Олипиадалық ойындардың екі дүркін жүлдегері кениялық Элиуд Кипчоге жексенбі күні өтіп жатқан Лондон марафонында екінші жыл қатарынан жеңімпаз болды, деп хабарлады РИА Новости.

Кипчоге қашықтықты 2 сағат 3 минут 5 секундта еңсеріп, жарыстар рекордын жаңартты. Екінші орынды оның отандасы Стэнли Бивотт (2:03:51) жеңіп алды, үштікті үш мәрте Олимпиада чемпионы Эфиопиядан Кенениса Бекеле тұйықтады. Әлемдік рекорд иегері кениялық Деннис Киметто (2:02.57).

Лондон марафонының бұрынғы рекордs кениялық Уилсон Кипсангуға тиесілі болатын, ол 2014 жылы 2:04:29 уақытын көрсетті.

Бұдан бұрын Кипчоге Гамбург, Роттердам, Чикаго және Берлин марафондарында жеңімпаз болған еді.