Лондон олимпиадасына Қазақстаннан 100-ден астам спортшы барады

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алдағы жазда Ұлыбританияның Лондон қаласында өтетін ХХХ-шы жазғы олимпиада ойындарына Қазақстанның 100-ден астам спортшысы баруы мүмкін.

Бұл туралы бүгін ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев мәлім етті.

«Бүгінгі таңда біздің спортшыларда 15 спорт түрінен 64 лицензия бар. Лицензиялық жарыстардың соңына дейін, яғни 2012 жылы шілденің басына дейін Лондон олимпиадасына 100-ден астам жолдама алу жоспарланып отыр»,- деп атап көрсетті Т. Ермегияев.