Лондон Олимпиадасындағы осы уақыттағы жағдай - Қазақстан жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр
Ойындардың алғашқы күнінен бастап кестенің бірінші сатысына орналасқан Қытай елі көшбасшылықты ешкімге берер емес. Аспан асты елінің еншісінде 34 «алтын», 21 «күміс» және 18 «қола» бар.
Америка 30 «алтын», 19 «күміс» және 21 «қоламен» екінші орында келеді.
Алғашқы үштікті 22 «алтын», 13 «күміс» және осындай көлемдегі қола медальларымен алаң иелері Ұлыбритания тұйықтайды.
Олимпиада басталғалы Қазақстанды біресе артқа тастап, біресе басып озып келе жатқан Ресей Федерациясы бүгінгі күні Қазақстаннан оқ бойы озық шығып, кестенің 5-інші орнына орналасты.
Ал Қазақстан 6 алтын, 1 қола медальмен 9-ыншы орында тұр.
Үздік ондықтың тізімін 5 «алтын», 3 «күмісі» бар Нидерланды елі тәмамдады.
Халқы және ойындарға қатысып жатқан спортшылардың саны жағынан алда тұрған жекелеген мемлекеттер әзірше үздік «ондыққа» кіре алмай отыр. Олар -Австралия, Иран Ислам Республикасы, Корей Халық демократиялық Республикасы, Куба, Беларусь, Венгрия, Жапония, Жаңа Зеландия, Украина және тағы басқалар.