Турнир қорытындысы бойынша О.Рыпакова 14.72 метр қашықтыққа секіріп, бірінші орынға ие болса, украиндық Ольга Саладуха (14.40 метр) екінші орынды қанағат тұтты. Ал үшінші орында - словак спортшысы Мария Шестак (14.10).
Айта кетейік, аталған турнирде жеңімпаз атанған спортшыға ақшалай сыйлық және гауһар тас беріледі.