Лондон орталығында такси бірнеше адамды басып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Лондон қаласының орталығында 1 қарашада такси жаяу жүргіншілерді басып кетті, деп хабарлайды The Independet.

Басылымның жазуынша, бірнеше адам жарақат алған, қаза тапқандар туралы әзірге мәлімет жоқ.

Оқыс оқиға орталық Ковент-Гардон ауданының Саутгемптон-стрит көшесінде болған.

Полиция мен дәрігерлер апат болған жерде жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ. Полиция оқиға себептерін анықтауда, дегенмен лаңкестік әрекет болуы мүмкіндігін жоққа шығарып отыр.