Басылымның жазуынша, бірнеше адам жарақат алған, қаза тапқандар туралы әзірге мәлімет жоқ.
Оқыс оқиға орталық Ковент-Гардон ауданының Саутгемптон-стрит көшесінде болған.
Полиция мен дәрігерлер апат болған жерде жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ. Полиция оқиға себептерін анықтауда, дегенмен лаңкестік әрекет болуы мүмкіндігін жоққа шығарып отыр.