«Автотеррористерді» тоқтату үшін полицияға вольфрамды инелері бар арнайы тор қолдану ұсынылды.
Жаңа арнайы құралға Talon («Тырнақ») деген ат берілді. Бұл тор қозғалып келе жатқан көлік құралының алдына жайылады. Көлік «тырнақты» басқан кезде, инелер доңғалағына қадалып, оны байлап-матап тастайды. Осыдан кейін доңғалақтар айналмай, көлік қозғала алмай қалады.
Мұндай торларды адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көпшілік шаралары өткізілетін жерлердің айналасына жайып тастауға болады.