деп хабарлайды РБК Лондон полициясына сілтеме жасап. Бұған дейін 61 адам қамауға алынған болатын.
Ереуіл толқыны Тоттенхем, Энфилд, Брикстон, Уолтемстоу және Ислингтон аудандарын қамтыды. Тәртіп сақшыларының болжауынша, бұл бүлік алдын ала жоспарланған болуы мүмкін.
Өткен аптада полиция қызметкерлері Тоттенхемнің ереуілшілерін тыныштандырды. Сонымен қатар жексенбі күні кешке, 7 тамызда, ит жетектеген полиция қызметкерлері Энфилдке де келіп жетті, онда бүлікшілік кезінде бірқатар дүкендерге шабуыл жасалып, өртке оранған. 8 тамыз күні таңертең тәртіпсіздік Брикстонға ауысты. Онда дүкендерден лаулаған отты өшіру үшін алты өрт сөндіру жасағы жөнелтілді.
Тұрғындардың айтуынша, Брикстон көшесінде тонаушылар жосып жүр. Мәселен, Эффра Роудта түрлі ұсақ-түйек салынған жәшік әкетіп бара жатқан жерінен бірнеше адам көзге түскен. Төбеден полиция тікұшақтары торуылдауда, алайда,тұрғындардың айтуынша, көшеде тәртіп сақшыларын кездестіру қиын.