Медальдарда Лондонға келу үшін Парфенонды тастап кететін гректің Жеңіс құдайы Ника бейнеленген. Эмблемасының қарсы бетінде амфитеатрды еске түсiретiн, «бүгінгі қаланың сәулеттік өрнегі, метафорасы» салынған.
Диаметрі 85 мм және қалыңдығы 7 мм марапаттың салмағы - 375-400 грамм. Авторы - дизайнер Дэвид Уоткинс.
Ойындар барысында 30-дан астам спорт нысандарында 2100-ге жуық медаль тапсырылатын болады.